ҚИЫСТЫРЫЛҒАН ТОПЫРАҚ ӨҢДЕУ АГРЕГАТЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ КЕСУ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ ӘСЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.47100/herald.v1i3.100Ключевые слова:
белсенді-пассивті әсер ететін құрамдастырылған агрегаттар, фрезбарабан, ротациялық пышақ, тұмсық тәрізді пышақ, релаксация, жалпақ кескін табаны, қайта шалғындандыру, қопсыту-кроттау, тығыздалған ядро, пласт, жүздер, топырақ жаңқасы.Аннотация
Қазіргі кезеңде көптеген елдерде энергия шығынын төмендетуді, жұмыс өнімділігі мен сапасын арттыруды қамтамасыз ететін, қайта қызмет көрсетудің жаңа технологиялары мен тәсілдері әзірленуде. Осы мақсатта қарастырылып отырған мақалада топырақты өңдеу мен себуді бір өткенде орындайтын фрезерлік машиналар негізінде белсенді-пассивті әрекеттегі құрамдастырылған топырақ өңдейтін агрегаттарды қолдану қарастырылған.
Мақалада негізінен шабындықтар мен жайылымдықтардың өнімділігін артыру жолында жасалатын агромелиоративтік іс-шараларды жақсарту тұрғысында оның өнімділігін арттыру көзделген. Бұл шаралар негізінде келесідей операциялардың кезектесіп орындалуымен жүзеге асырылса: дискілі боронамен өту, култиваторлармен өңдеу, катоктармен нығыздау және көпжылдық шөптің дәнін себулер жеке - жеке бөлек атқарылса, нақты жағдайда белсенді-пассивті әсер ететін құрамдастырылған агрегаттың көмегімен бір жүріп өткенде іске асырылады. Сол себепті белсенді-пассивті әсер ететін құрамдастырылған агрегатты фрезалық машинаның базасында бір өткенде жоғарыда аталған операцияларды қосып, топырақты өңдеу мен дәнді себуді атқару ең тиімді және перспективті іс-шара болып табылады. Жүргізілген зерттеулер негізінде алдын ала қопсытылған топырақты кесудің жалпы үлестік кедергісі анықталып, ол кесудің үлестік кедергісі мен серпінділік коэффициенті анықталды. Жоғарыда көрсетілген коэффициенттерді анықтау үшін АПР-2,6 құрама агрегатына, тұмсық тәрізді пышақтармен және ені 0,5м үш жалпақ
кескіш табандармен тәжірибелік зерттеулер жүргізілді.