ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ҰСТАНЫМДАРЫ

Авторы

  • Абдильдина Х

Ключевые слова:

жастар, әлеуметтік-саяси ұстанымдар, ұрпақ сабақтастығы, демократиялық құндылықтар

Аннотация

Қоғамның әлеуметтік-саяси және құндылықтық нормаларының іске асуының негізгі субъектісі жастар болып табылады, сонымен қатар, олар әлеуметтік мәдени нұсқаларды мұра ету және оларды іске асыруда, оларды жеке әлеует негізінде өзгермелі өмір ақиқатымен өзгерте алуға және болашақ ұрпаққа жеткізе алуы, соның негізінде социумның дамуына өз үлесін қоса алуға қабілетті болып табылады. Жастардың әлеуметтік-саяси ұстанымдарының қоғамдық-саяси үрдістердің ықпал ету нәтижесінде өзгеруін зерттеу әлеуметтік – философиялық түсінуді қажет етеді, ол оның табиғатын жан жақты ашуды, берілген мәселенің жастар санасы мен іс-әрекетінің қалыптасуына әсерін тереңірек түсінуге, жастардың жеке және топтық санасының қалыптасуының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік туғызады.

Загрузки

Опубликован

2021-08-16