-

Авторы

  • -

Ключевые слова:

аналогтар, бәсекелестер, коммерциализация, нарық көлемі, тұтынушылар, иммуноферменттік тест-жүйе, жануарлар дерматомикозы

Аннотация

Өндіріске отандық диагностикалық экспресс тесттерін ендіру алдымен нарықты маркетингтік зерттеуді, талдап алуды талап етеді. Авторлар дерматомикоздарды экспресс диагностикалау үшін тестжүйелерді коммерциализациялау мүмкіндігін анықтау тұрғысындағы зерттеу жұмыстарын өткізген. Зерттеу нысаны - ірі қара мал трихофитиясын диагностикалау үшін қолданылатын иммуноферменттік тест-жүйесі. Зерттеулер барысында жұмыс тақырыбы бойынша әдебиет көздеріне
талдау жасалынған, ауқымы бойынша 20 жылды қамтитын петенттік ізденістер жүргізілген, жобаға қатысты маркетингтік зерттеулер жасалынған. Жүргізілген талдаулар көрсеткеніндей нарықтың потенциалды ауқымы жылына 737,5 мың дана, немесе ақшалай алғанда тест-жүйенің орташа бағасы 1 500 тг құрауы кезінде 1,1 млрд. тг. құрайды. Кәсіпорын толық өндірістік шығару қуаттылығына жету сәтінде нарықтың 8% игеруді көздеп, яғни жоспарлап отыр. Ұсынымдама бәсекеге жарамды, коммерциализациялау үшін болашағы бар, өзге ресейлік және қазақстандық нарықтағы аналогтарымен
салыстырғанда үстемділігі бар жоба деп танылған.

Загрузки

Опубликован

2021-08-16