ПРЕСТЕУШІ ШНЕК ҚҰРЫЛҒЫСЫН КӨП ФАКТОРЛЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ЗЕРТТЕУ
Ключевые слова:
Ет-сүйекті шыжық, престеуші шнек құрылғысы, көп факторлы зерттеу, эмпирикалық зертеу, қара жәшік, тәжірибе жоспары, геометриялық өлшемАннотация
Мақалада ет-сүйекті шыжықты престеу кезінде қалдық майлылықтың пайыздық көрсеткішінің престеуші шнектің геометриялық өлшемдеріне тәуелді көп факторлы тәжірибелік зерттеу нәтижелері берілген, «қара жәшік» қағидасы әдістемесін пайдалана отырып матрицалық кестелер құрылып, жоспарланған. Жоспар негізінде математикалық өңдеу теңдігі мен регрессиялық теңдіктер анықталып, дұрыстығы нақты мәндер арқылы графикалық түрде дәлелденді. Алынған ғылыми нәтижелер ет-сүйекті шыжықтың (мясо-костной шквары) құрылымдық-механикалық қасиетін эмпирикалық тұрақтылар арқылы ескере отырып, престеуші шнектің геометриялық өлшемдерін, керекті қалдық майлылық мөлшеріне қарай жобалауға мүмкіндік береді.
Загрузки
Опубликован
2021-08-12
Выпуск
Раздел
Техникалық ғылымдар