-
Ключевые слова:
Агроэкологическая оценка, адаптивно-ландшафтная система земледелия, деградация почв, агротехнологии, агроландшафт.Аннотация
Осы шолуда Қазақстандағы егіншіліктің адаптивті-ландшафттық жүйесін жасау негізіндегі аспект ретінде жердің агроэкологиялық бағалануы рөлі көрсетілген. Заманауи уакытта жердің жыл сайынғы өзгеруі және әр түрлі жеке
меншік түрлеріндегі шаруашылықтардың ұйымдастырылуы жүреді, бұл жердің кадастрлық бағалануына өзгеріс енгізуді талап етеді, соңғысы жердің агроэкологиялық бағалануына негізделеді. Егіншілік жүйесін қалыптастыру үшін жердің агроэкологиялық бағалануы қажет, бұл территорияның ландшафттық талдауы негізінде жасалады. Жер топтамасымен анықталатын жер қорларын пайдаланудың потенциалды мүмкіндіктерін жүзеге асыру нарық сұранысына және тауарөндірушінің өндірістік потенциалына, интенсификация және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың деңгейіне байланысты.