ҚАЗАҚТЫҢ ЕТТІ-ЖҮНДІ БИЯЗЫЛАУ ЖӘНЕ БУДАН ЕРКЕК ҚОЗЫЛАРЫНЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ ЕТ ӨНІМДІЛІГІ

Авторы

  • С.К. Шауенов., Е.И. Исламов., С.Н. Нарбаев , Д.К.Ибраев

Ключевые слова:

дорсет, қазақтың етті-жүнді биязылау қойы, еркек қозы, абсолюттік өсім, салыстырмалы өсім, ет өнімділігі

Аннотация

Мақалада Қазақстанның шөл және шөлейт аймағындағы Шу-Іле аласа тау етегі жағдайында өсірілетін тазатұқымды қазақтың етті-жүнді биязылау және дорсет тұқымы қошқарын пайдалану арқылы алынған будан қозылардың бірінші ұрпақтарының өсуі мен ет өнімділігінің көрсеткіштері берілген. Тәжірибеге алынған қозылардың туылған кезінен 6 айына дейінгі тірілей салмағы бойынша абсолюттік және салыстырмалы өсімі зерттелген. Ет өнімділігі бойынша 6 айлық будан еркек қозылардың ұша салмағы, сойыс салмағы, белдеме көзінің аудан көрсеткіштері тазатұқымды серіктестерінен
басым болғаны анықталған (Р<0,05).

Загрузки

Опубликован

2021-08-12