ТАБИҒИ-МӘДЕНИ ЛАНДШАВТТЫҢ ТОЗУЫ АДАМ МЕН ТАБИҒАТТЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ НӘТИЖЕСІ РЕТІНДЕ (АҚМОЛА ОБЛАСЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ, XIX Ғ. АЯҒЫ – XX Ғ. 80–ШЫ ЖЫЛДАРЫ)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.47100/herald.v1i3.90Ключевые слова:
табиғи-мәдени ландшафт, су ресурстары, адам, табиғат, Ақмола облысы, тың, көлдер, тарихи экология, мұрағат көздері.Аннотация
Мақалада XIX ғ. аяғынан бастап – XX ғ. 80–шы жж. екінші жартысына дейінгі аралығында дереккөздерді дискурсивтік талдау әдісімен Ақмола облысы табиғи-мәдени ландшафтының тозу себептері анықталды. Табиғатты қорғайтын заңнамысының жоқтығы жағдайыңда ресурстарды өз қажеттігін ғана қанағаттандыру тұрғыдан игеруі XX ғ. 50–шы жж. ортасына дейін әдісімен Ақмола облысының табиғи-су байлықтарына кері әсерін тегізді. Алайда бұл кезде адамның шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға әсері аймақтың табиғи-мәдени ландшафтын түбегейлі өзгертпеген. Қазақстанның солтүстік облыстарында 1950-1960 жж. тың жерді жыртудан туыңдаған экологиялық мәселелердің салдарынан облыстың табиғи-мәдени ландшафтының тозуына тікелей әкеліп соқтырды. Тың топырақтарының жел және су эрозиясы, жаппай жер жырту, оның ішінде су қоймаларына жақын орналасқан жерді жерту, бөгеттерді құрүу мен жою нәтижесінде табиғи су қоймалары ластанды. Ландшафттың экологиялық жағдайларының нашарлауына және ондағы тұрақты құрамбөліктері арасындағы байланыстардың бұзыулына әкелген адамның шаруашылық қызметі салдарынаң облыстын ондаған сирек көлдері мен дала өзендері таязданып, біртіндеп жойылды.