КЕРАМИКАЛЫҚ ТӨСЕНІМ ҮСТІНДЕГІ ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРАЛЫ ВИСМУТ ҚҰРАМДЫ АСА ӨТКІЗГІШ ЖАБЫНДАР
Ключевые слова:
сәуле энергиясы, фаза, критикалық температура, критикалық ток, өткізгіш, дегратация.Аннотация
Берілген мақалада қаттыанизотропты қыш құрылымындағы құрылымдандырылған поликристалды жоғарытемпературалы аса өткізгіш (ЖТАӨ) жабындарды алу мүмкіндіктері зерттелді. Аса өткізгіш жабындардың синтезі номиналды құрылымы Bi1,7Pb0,3Sr2Ca(n-1)CunOy (n=3-9) тең, балқытып қатайту арқылы аморфты прекурсорлар негізінде дайындалған болса,
балқыманы қатайту шоғырланган сәуле энергиясы мен алдын ала синтезделген ЖТАӨ алюминий титанаты (Al2TiО5) фазаларынан тұратын қыш төсемдерінде дайындалды. Зерттеулер нәтижесінде синтезделген жабындардың фазалық
құрылымдарында айтарлықтай айырмашылық байқалмады. Барлық жабындарда негізгі болып, аса өткізгіш Bi1,7Pb0,3Sr2Ca2Cu3Oy фазасы болып табылады. Сонымен қатар, аталған фазалар құрамында критикалық температурасы төмен болып табылатын, аса өткізгіш Bi1,7Pb0,3Sr2Ca(n-1)CunOy (n = 1, 2) фазалары қатысты. Аса өткізгіш жабын бөліктерінің құрылымы анықталды. Жабын қалыңдығын 120-140 мкм – ге өсірген сайын, жабын бөлшектерінің құрылымдасқанының бұзылғындығы байқалды.