ТОБЫЛ ӨЗЕНІНІҢ ҚОРЕКТІК БАЗАСЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.3(110).640Ключевые слова:
зоопланктон, зообентос, қоректік база, биомасса, мезотрофты.Аннотация
Мақалада Тобыл өзеніндегі зоопланктон мен бентостық организмдердің түрлік құрамы анықталып көрсетілген. Тобыл өзеніндегі 6 станция тексеріліп, қоректік базасының дамуы бағаланды. 2020 жылдың барлық зерттеу кезеңінде планктонды омыртқасыздардың 16 түрі және 30 бентосты организмдер анықталды. Коловраткалардың ішінде ең көп таралған түр B.angularis, бұтақмұрттылардың ішінде– D.pulex жәнеескекаяқты шаянтәрізділердің ішінде– M.leuckarti түрі барлық зерттелген аймақтардың зоопланктондық қауымдастығының құрамына кірді. Бентостық организмдердің ішінде Тобыл өзенінде ең көп таралған түрлер – C.Plumosus Linnaeus және T.tibifex. Сонымен қатар жартылай қатты қанаттылар, инеліктердің дернәсілдері, су қандаласы және қатты қанаттылар сияқты жәндіктер топтары алуантүрлі болды. Организмдердің жоғары алуантүрлілігі, ең алдымен, әртүрлі ландшафтық аймақтарда және экологиялық жағдайларда орналасқан өзеннің едәуір ұзындығымен байланысты.Жалпы, зоопланктонның және зообентостың дамуы бойынша Тобыл өзені азықтандырудың қалыпты класының су айдыны болып табылады және С.П.Китаевтың «трофикалық шкаласына» сәйкес α–мезотрофты су айдынына жатады.