-
Ключевые слова:
оценка живучести, живучесть, свойство живучести.Аннотация
Мақалада күрделі техникалық жүйенің өміршеңдігі ұғымы енгізілген. Күрделі жүйелерге тән өміршеңдіктің қасиеттері аталған. Күрделі техникалық жүйенің барлық жұмыс істеу барысындағы өмірлік циклында өміршеңдігін қамтамасыз ету және оның өміршеңдік деңгейін сақтау көрсетілген. Өміршеңдік – бұл техникалық жағынан кей бөліктерінде ақауы болсада,
жүйенің жұмысты жалғастыра алу қабілеті. Элементтің сапа күйінің көрсеткіші ретінде өміршеңдікті қолданған орынды. Өміршеңдіктің сандық көрсеткіші ретінде бірлік уақытында немесе көрсетілген уақыт T аралығында элементтің
жқмыстан шығу ықтималдығы p . Элементтің өміршеңдігі төмендейді, егер ол есептен тыс ішкі немесе сыртқы әсерден ақаулық алса. Шешімін табуға тиісті мәселелер көрсетілген: жүйе өміршеңдігінің динамикалық моделін құру;жүйе бөліктері мен элементтері арасындағы қатынасты ұйымдастыру және оның жұмыс істеуінің моделін құру; жүйеге жайсыз әсер ететін шарттарды моделдеу; ақаулы болған техникалық құралдардың қалпына келуінің моделін құру; жайсыз ісергше түскен жүйе бөліктері мен элементтерінің өміршеңдігін бағалауды жүргізу. Алынған ақпараттарды статистикалық сипаттауда жүйені істен шыққанға дейінгі уақыт үстемелерінің эмпирикалық үлестірімін сипаттау үшін, үлестірімнің вариациялық аралық түрінде қатар-полигон ретінде келтіреді. Статистикалық мәліметтер көлемі мейлінше толық болды қажет, үлестірімнің статистикалық сипаттамасын дәлірек алу үшін.