АФРИКАЛЫҚ ТАРЫ СОРТҮЛГІЛЕРІН АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЫНАУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Ключевые слова:
Африкалық тары,сортүлгі, шығымдылық, жасыл азық, өнімділік.Аннотация
Мақалада Қазақстандық Арал өңіріндегі күріш өсіру аймағының тұзданған топырақтарында жүргізілген африкалық тары дақылының Үндістандағы «Жартылай құрғақ тропиктердің Халықаралық өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» (ИКРИСАТ) шығарған сортүлгілерін агроэкологиялық сынаудың нәтижелері баяндалады. Африкалық тарының зерттелген генотиптері бір-бірінен көптеген көрсеткіштер бойынша ерекшеленді. Аймақтың стресстік абиотикалық және биотикалық факторларына төзімді сортүлгілер жоғары далалық өнгіштік және өсімдік өміршеңдігін көрсетті. Өсімдік өсуі мен дамуын
бақылау зерттелген дақылдың генотиптерінің жасыл азыққа жинау мерзімін анықтауға мүмкіндік берді, ол ерте пісетін сортүлгілер үшін 57-69 күнді, орта мерзімде пісетін сортүлгілер үшін 73-79 күнді, ал кеш пісетін сортүлгілер үшін 93-108 күнді құрады. Жасыл азық өнімділігі анықталып, аймақтың қатал табиғи жағдайларына төзімді генотиптер іріктеліп алынды.