-

Авторы

  • -

Ключевые слова:

обработка почвы ресурсосберегающая технология, минимальная технология, нулевая технология, горох, нут

Аннотация

Минималды және нолдік өңдеу технологиялары топырақты шектен тыс тығыздамайтындығы анықталды. Аңыз сабақтары көпшілігінің сақталуына байланысты минималды және әсіресе нолдік топырақ өңдеу арқылы қардың көбірек жиналуы қамтамасыз етіледі. Сондықтан себу алдында бұл нұсқаларда дәстүрлі технологиямен салыстырғанда топырақтың бір метр қабатында өнімді ылғал қоры 17-20 мм көбірек жиналды. Топырақ кесектілігі жоғары және аңыз сабақтарының саны көбірек
болғанына байланысты минималды және әсіресе нолдік топырақ өңдеу технологиялары дефляцияның пайда болу мүмкіндігін болдырмайды. Топырақтың механикалық өңделеулерін азайту (минимализациялау) немесе оларды толығымен жургізбеу егістердің арамшөптермен ластануының жоғарлауына әкеліп соқтырмайды. Дәстүрлі технологиямен салыстырғанда минималды және нолдік топырақ өңдеу технологиялары өнімділіктің нақты жоғарлауын қамтамасыз
етті: асбұршақта 3,3 және 2,7 ц/га, ноқатта 2,4 және 1,8 ц/га. Астық өндіру рентабельділігі бұл нұсқаларда 329,1 және 285,8 % болды.

Загрузки

Опубликован

2021-07-28