КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ КОНЦЕПТІЛІК ЖҮЙЕ
Ключевые слова:
концепт, когнитивтік лингвистика, ғаламның тілдік бейнесі, таным, дүниетаным.Аннотация
Адамның шындық болмысты тануы, ақиқатқа деген көзқарасы, қабылдауы тілде бейнеленеді. Тілдегі адам факторын тереңінен зерттеу нәтижелері санадағы ақиқат дүниенің бейнесін, оның ішінде дүниенің тілдік бейнесін анықтауға әкелді. Тіл қойнауында дүниенің тілдік бейнесі жасалады. Сондай-ақ тіл арқылы индивидтің жинаған тәжірибелі білімі ұжымға тарайды.Тіл иесінің ой-өрісіне, концептілік әлеміне байланысты дүниенің танымдық бөлшектері тілде өзінше көрініс табады, ал тіл иесі танымдық ойын өз тілінде сақталған дүние бейнесіне сәйкес танытуға тырысады. С. Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» романы мен әңгімелеріндегі ғаламның тілдік бейнесі ұлттық болмыстың өзіндік ерекшелігімен айқындалады. Тілдің көркемдік-әдеби тәсілдері автордың дүниеге деген қатынасын суреттеп, ұлтымызға тән ойлау үдерісінің негізгі
ерекшеліктерінен хабар береді. Мақалада аталған жазушының тіліндегі сөз қолданыстары – образдар ғаламның (шындық болмыс) тілдік бейнесін жасауға негіз болатын тілдік бірліктер екені ғылыми түрде тұжырымдалады.