-

Авторы

  • -

Ключевые слова:

пшеница, ржавчина, устойчивость, эуплазматические и аллоплазматические линии.

Аннотация

Мақалада жұмсақ күздік бидайдың сорттарының, будандарының, эуплазматикалық және аллоплазматикалық линияларының тат ауруының үш түріне табиғи жағдайдағы төзімділігі зерттелген. 20 сорттың ішінен сары тат ауруына төзімділік көрсеткендер Olеson dwarf, Bersee, Norin 10, Кооператорка, Кинельская 4, Красноводопадская 210. Қоңыр тат ауруына төзімділігімен ерекшеленгендер Красноводопадская 210, Кинельская 4, Ульяновка, Одесская 16, Oleson dwarf, Зернокормовая 50. Сабақ тат ауруына төзімді сорттар Marfed ert, Magnif 41ert және Г-9179 линиясы. Осы тат ауруларына төзімділік көрсеткен сорттар мен линия селекциялық жұмыстарда құнды бастапқы материал ретінде пайдалануға болады.
Бидайдың эуплазматикалық және аллоплазматикалық линияларының тат ауруларына төзімлілігін зерттеулер, әртүрлі сорттардың және Triticum туысының түрлерінің цитоплазмаларымен ауыстырылғанда олардың тат ауруларының төзімділігіне әсер ететіндігі анықталды. Бидайдың тат ауруларына төзімділігі тек ядро геномымен ғана емес, сонымен қатар
өсімдік цитоплазмаларының геномдарымен де басқарылатындығы көрсетілген.

Загрузки

Опубликован

2021-07-28