АБИОТИКАЛЫҚ СТРЕССТЕРГЕ ТӨЗІМДІЛІККЕ АСБҰРШАҚТЫҢ IN VITRO СЕЛЕКЦИЯСЫ
Ключевые слова:
Pisum sativum L. - асбұршақ, in vitro селекция, каллустық ұлпа, натрий хлоридке төзімділік, осмотикалық стресстерге төзімділікАннотация
Зерттеу нысаны ретінде асбұршақтың будандары (Pisum sativum L.) пайдаланылды. Зерттеудің мақсаты абиотикалық стресстерге төзімді in vitro селекция әдісімен асбұршақтың өсімдік-регенерантын алу болып табылды. Селективті агенттердің (натрий хлориді мен PEG-6000) асбұршақтың каллус түзу қабілетіне, олардың дифференциациясы мен сабақтық органогенезіне әсері зерттелінді. Пайдаланылған селективті агенттер регенерациялық потенциалға, морфогенез жиілігіне және каллустардың биомассасысының өсуіне әртүрлі әсер ететіндігі, сонымен қатар селективті факторлардың әсерінен асбұршақ генотиптерінің реакциясы анықталды. Нәтижесінде өсімдік-регенеранттары алынып, тұқымдары Қазақстан Республикасының селекциялық орталықтарына көбейтілуге берілді.
Загрузки
Опубликован
2021-07-28
Выпуск
Раздел
Биотехнология ғылымдары