АҚМОЛА ОБЫЛЫСЫ АЙМАҒЫНДА ЕСІЛ ӨЗЕНІ СУ БАССЕЙІНІНДЕГІ СУ ҚОЙМАЛАРЫН КОТОКСИКОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

Авторы

  • Л.Х. Ақбаева,Н.Қ. Көбетаева,А.Заңдыбай, Р.К. Татаевой, Ж.У.Бакешова

Ключевые слова:

экотоксиканттар, тұрақты органикалық ластаушылар, мониторинг, аккумуляция, су қоймалар, планктон, балықтар, патология

Аннотация

Қоршаған ортада оның ішінде су алаптарында кең таралған және өте қауіпті экотоксиканттарды анықтау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заманауи ғылыми зерттеулердің приоритетті бағыты болып табылады. Әсіресе ауыр металдар мен тұрақты органикалық ластаушылар аса қауіпті, олар гидробионттарда аккумуляцияланып, табиғи қалыптасқан экожүйелерді бұзады. Қазақстан Республикасы үшін мұндай зерттеулер сирек болып табылады және табиғи объектілерді толық қамтымайды. Авторлар Ақмола облысының суларында токсикалық ластаушылардың құрамын анықтаудың қажеттiлiгiн дәлелдеп отыр. Әсіресе поллютанттардың гидробионттар ұлпаларында аккумуляциялануын анықтауға, сонымен қатар гидробионттарда ағза, популяция, бірлестік деңгейіндегі токсикалық эффектіге көңіл бөлінеді. Жұмыс тұрақты
органикалық ластаушылар бойынша Стокгольм Конвенциясының талаптарына сәйкес келеді және экологиялық қауіпсіздік, табиғатты тиімді пайдалану мен тұрғындар денсаулығын қорғау саласында маңызды ұлттық мәнге ие.

Загрузки

Опубликован

2021-07-28