ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУМАҒЫНДА ЖАНУАРЛАР ҚҰТЫРЫҒЫ ТУЫНДАУ ҚАУІПТІЛІГІНІҢ ДӘРЕЖЕСІ БОЙЫНША АЙМАҚТАНДЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.47100/herald.v1i3.77Ключевые слова:
Құтырық, аймақтандыру, Қазақстан, жарамдылығын модельдеу, Maxent, қауіптілікті анықтау, максималды энтропия.Аннотация
Құтырық сияқты табиғи-ошақтық аурулар, адамның қатысуынсыз ландшафтық-климаттық факторлардың белгілі бір үйлесімі бар аумақтарда тұрақтану қабілетімен сипатталады. Қазақстан Республикасының аумағында құтырық жыл сайын спорадикалық тұтанулар түрінде, шектеулі аумақтарда тіркеліп, аумақтағы індеттік жағдай ветеринариялық қызметтің қатаң қадағалауында болып, үй, ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлар популяцияларына қатысты кешенді дауалау шаралары атқарылып отырылады.
Бұл жұмыста экологиялық тауашаны моделдеу әдісін қолдана отырып, аумақтың, аурудың туындауына ұшырағыштығына қатысты, аймақтарға бөлу
мүмкіндігі ұсынылған. Табиғи-климаттық жағдайларды сипаттайтын факторлар ретінде: 1) BIOCLIM айнымалы жиынтығы; 2) теңіз деңгейінен биіктігі; 3) жер жамылғысының типі; 4) Жасыл биомассаның максималды мөлшері пайдаланылды. Моделдеу нәтижелері, құтырыққа қатысты ҚР солтүстік және оңтүстікшығыс шекараларының бойында жоғары қауіптілікті көрсетіп отыр, бұл, аурудың осы аймақтарда тек тарихи тіркелуін ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаның ықтимал қолайлы жағдайларын да ескереді. Еліміздегі ветеринариялық қызметтің талаптарына сәйкес, торлы қауіптілік карталары,
әкімшілік аудандардағы қауіптілік мәндерін орташалау және төрт санат бойынша саралау арқылы, категориялық карталарға айналдырылды: төмен,
орташа, жоғары және өте жоғары. Алынған карталар, аймақтық індетке қарсы іс-шараларды әзірлеу үшін негіз ретінде ветеринариялық қызметке ұсыныстар ретінде пайдаланылуы мүмкін.