ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАРТАЮЫ: МӘСЕЛЕНІҢ ҚАЛПЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.2(109).596Ключевые слова:
халықтың қартаюы, демографиялық дағдарыс, Халықтың қартаюы бойынша дүниежүзілік ассамблеясы, Халықтың қартаюы жөніндегі халықаралық іс-қимыл жоспары, өмір сүру ұзақтығын арттыру, белсенді қартаю, салауатты қартаю он жылдығы.Аннотация
Cоңғы онжылдықта адамзат болашағына әсер етуі мүмкін әлеуметтік-экономикалық фактор салдарынан ғаламшар халқының қартаюы біртіндеп өсіп, қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайын айқындайтын жаһандық проблемаға айналуда. Денсаулық сақтау дүниежүзілік ұйымы (ДСДҰ) мен Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) дабыл қағуда, әртүрлі ел үкіметтері жаһандану әлемінің сын-қатерлерін ескере отырып экономиканы қайта құруға тырысып бағады, ал халықтың қартаюы қайтарымсыз жалғасуда. Елдердің әлеуметтік- экономикалық даму стратегиясы халықтың қартаю проблемасын ескере отырып құрылуы керек, оның күрделі әртүрлі қыры бар, мысалы, жаһандық демографиялық дағдарыс салдарынан туындаған өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына байланысты зейнеткер санының өсуі, еңбекке қабілетті азамат санының азаюы, егде жастағы адамдардың денсаулығы, олардың өмір сүру сапасы және басқалары. Зерттеліп отырған мәселенің өзектілігі сонымен қатар алдағы онжылдықтың (2021-2030 ж.ж.) ДСДҰ салауатты қартаю онжылдығы деп жариялануымен де байланысты, бұл халықтың қартаю проблемасының сөзсіздігін және маңыздылығын атап көрсетеді. Бұл шолу сипатындағы мақала ДСДҰ мен БҰҰ деректері, қазақстандық дерек көз статистикалық деректері негізінде жасалған. Мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасы халқының қартаю проблемасы жай-күйін анықтау.