ЭКОНОМИКАЛЫҚ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУДЫҢ КЕҢЕСТІК ТӘЖІРИБЕСІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОЛӨНЕР ӨНЕРКӘСІБІ (1920-1930 жж.)

Авторы

  • Жұман Г.Ж. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Джуманалиева Л.Т. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.2(109).595

Ключевые слова:

Қазақстан,өнеркәсібі, кәсіпшілік кооперациясы, жаңа экономикалық саясат, индустрияландыру, азық-түлікпен қамтамасыз ету.

Аннотация

Мақаладамұрағаттық деректернегізінде кеңестік экономикалық модернизация тәжірибесі жағдайында, Қазақстанның қолөнер өнеркәсібін дамытудың негізгі тенденциялары мен ерекшеліктері талданады. Мақала авторлары қолөнер өнеркәсібінің ынтымақтастық процесін баяндайды, қолөнер өндірісінің рөлі мен маңыздылығын республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде ғана емес, сонымен қатар халықтың тұтынушылық қажеттіліктерін қанағаттандыруда да атап өтеді. Мұрағат көздерін сыни талдау негізінде қолөнер саласын қаржыландырудың жеткіліксіз себептері де қарастырылды. Авторлар Қазақстан экономикасының салалық құрылымының деформациясы, сондай-ақел өңірлерінде өнеркәсіп салаларын дамытуды стратегиялық жоспарлаудың болмауы, қолөнер өнеркәсібінің тағдырын айқындады деген қорытындыға келеді. Зерттеу әдіснамасында 1920-1930 жылдардағы кезеңде ұлттық интеллигенцияның отандық өкілдерінің, атап айтқанда, Т.Рысқұлов, М.Шоқай, Ж.Сұлтанбековтың зерттелетін кезеңдегі қолөнер өнеркәсібінің жағдайы туралы тұжырымдамаларына негізделген.Дереккөздерін Мәскеу қаласындағы Ресей Мемлекеттік Экономика Мұрағаты (РМЭМ), Мәскеу қаласындағы Ресей Федерациясының Мемлекеттікмұрағаты (РФММ), Қазақстан Республикасы Президентініңмұрағаты (ҚРПМ), Алматы қаласындағы Орталық Мемлекеттік мұрағаты (ОММ) қорларынан материалдар, сондай-ақ, Жамбыл облысының Мемлекеттік мұрағаты (ЖОММ), Тараз қаласындағы қорларынан мұрағат көздерін құрайды.

Загрузки

Опубликован

2021-07-27