ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА ТАП ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЛШЕМ ШАРТТАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.2(109).594Ключевые слова:
орта тап, страта, әлеуметтік стратификация, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік жік, стратификациялық моделі, өзін-өзі сәйкестендіру.Аннотация
Бұл мақалада Қазақстанның орта таптың өлшемдері және оның біздің қоғамның ынтымақтастығы мен қоғамдық тұтастығын қамтамасыз етудегі рөлі қарастырылған. Әлеуметтік зерттеу және орта таптың стратификациясының моделін құру үшін объективті индикаторлардың үш негізгі тобы және субъективті өзін-өзі сәйкестендірудің шкаласы қолданылды. Орта таптың экономикалық және мүліктік сипаттаманың индикаторлары көрсетілген: кірістер (жалақы), жеке кәсіптің, меншіктің болуы, тұрғын үй жағдайы, ұзақ қызмет көрсететін тауарларды сатып алу мүмкіндігі, ақылы қызметтерді пайдалану мүмкіндігі.Екінші топ – орта таптың саяси стратификациясының көрсеткіштері: саяси және экономикалық өзгерістерге және олардың перспективаларына деген көзқарас. Үшінші топқа әлеуметтік-мәдени индикаторлар кірді: әдебиетке, өнерге, спортқа, дінге деген қызығушылық, моральдық бағдарлар. Бұл әлеуметтік зерттеуде негізгі құрал ретінде сауалнама қолданылды. Жалпы, қазақстандық зерттеушілер әлемдік әлеуметтануда бар орта тапты сәйкестендірудің бірқатар өлшем шарттарын қолданады. Біздің орта тапты зерттеуімізде республиканың ерекшелігін ескере отырып, осы өлшем шарттардың барлығы қолданылды.