СОЛТҮСТІК-ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН СУ КӨЗДЕРІНЕН АУЛАНАТЫН БАЛЫҚТАРДЫҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ

Авторы

  • Әділбеков Ж.Ш. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Аубакирова, Г.А С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • А. Асылбек С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.2(109).593

Ключевые слова:

сапа, қауіпсіздік, көлдер, балық, гельминтоздар, бактериоздар, ауыр металдар, радионуклидтер.

Аннотация

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, балықтар сапасына қатысты көрсеткіштер қойылатын талаптарға сәйкестігі анықталды. Балық етіндегі уытты элементтердің қалдық шамалары ШЖК аспайтын болып шықты.Алайда,уыттық элементтердің қалдық шамалары бойынша кадмий элементінің көп шамада болуы Тастемиров көлінен ауланған балықта (0,0076±0,00001 мг/кг), ал күшәла элементі Ласточка көлінен ауланған балықта (0,0132±0,002 мг/кг) анықталғанын атауға тиіспіз, қорғасын мөлшері бойынша айтарлықтай өзгерістер байқалмады. Сынап барлық сынамаларда анықталды деуге болмайды, мәселен Тастемиров көлінен ауланған балықтарда анықталмады. Радионуклидтерді зерттеген кезде, қалдық шамалардың болатыны анықталды, осы кезде жекелеген балық сынамаларында цезий мөлшері анықталмады. Гельминтоздарға зерттеген кезде балықтар арасында біршама таралған ауру ретінде торта балығының постдиплостоматозын атаймыз (инвазия экстенсивтілігі 16,6%, алинтенсивтілігі 3-6 циста құрады), одан сирегірек кездескені мөңке лигулезі (инвазия экстенсивтілігі 13,04%, ал интенсивтілігі 5-6 балаңқұрт шамасын құраған). Балықтардың бактериоздармен жұқтырылуына клиникалық зерттеулер жүргізген кезде ауруға тән белгілер анықталмады.

Загрузки

Опубликован

2021-07-26