ФЕЛУЦЕН ЖӘНЕ АЙСИДИВИТТІҢ ӨНДІРУШІ-БҰҚАЛАРДЫҢ ҰРЫҚТАНДЫРУ ҚАБІЛЕТІНЕ ӘСЕРІ

Авторы

  • Жақыпов И.Т. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Турысбаева Г.Б С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Момбеков Б.Е. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Сейсенов Б.С. «Асылтүлік» РМАО» АҚ

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.2(109).592

Ключевые слова:

бұқалар, қанды биохимиялық зерттеу, Фелуцен, Айсидивит.

Аннотация

Зерттеу Фелуцен азықтық қоспасы мен Айсидивит кешенді иммуностимуляторлық препаратын бірлесіп қолданудағы өндіруші бұқалардың репродуктивті функцияларына, сондай-ақ қанайналым жүйесінің биохимиялық құрамына әсерін зерттеуге бағытталған. Зерттеулер Ақмола облысы, Целиноград ауданында орналасқан ««Асыл Түлік» РМАО» АҚ асыл тұқымды өндіруші бұқаларына жүргізілді. Зерттеу басталар алдында бұқалардың қанына, шәуетінің сапасын бағалау мақсатында зертханалық зерттеу жүргізілді. Зерттелген бұқалар өздерінің репродукциялық қабілеттеріне қарай 4 топқа (жоғары, жақсы, репродукциялық қабілеті төмен және репродукцияға қабілетсіз) бөлінді. Репродуктивтік қабілеті жақсы топтың бұқаларына концентраттармен бірге күн сайын 350-400 грамм түйіршіктер түрінде Фелуцен азықтық қоспасы тағайындалды, ал репродуктивтік қабілеті төмен және көбеюге қабілетсіз жануарлар топтарына Фелуцен сол дозада, сондай-ақ бұлшықет ішіне кешенді иммуносупрессивті Айсидивит препараты 5 рет, 3 күн аралықпен 10 мл-ден тағайындалды. Фелуцен азықтық қоспасын қолдану нәтижесінде II топтағы бұқалардың эякулят көлемі 1,03-1,5 есе, ал III топтағы бұқалардың 66,6% бұқалардың эякулят көлемі 1,03-1,2 есеге артты. Сперматозоидтардың қозғалғыштығы бойынша II топтағы бұқаларда 1,01-1,2 есе арту байқалды, ал III топта тек 33,3% бұқалардың бұл көрсеткіші 1,2-1,4 есе өсті. II топтағы бұқалардағы эякуляттағы сперматозоидтардың концентрациясы 1,1-1,2 есе өсті. Азықтық қоспа мен кешенді витаминді енгізу нәтижесінде III топтан бұқалардың тек 16,6%-да ғана сперматозоидтардың концентрациясы 1,3 есеге арту байқалды. Фелуценнің тағайындалуы нәтижесінде II топтағы бұқалардың глюкоза мөлшері 3,29 есе, кальций 1,86 есе өсті. Фелуцен мен Айсидивитті III топтағы бұқаларда қолданған кезде қандағы глюкоза мөлшерінің 2,64 есе, кальцийдің 1,1 есе, ал IV топтағы жануарларда глюкозаның 2,8 есе және кальцийдің 2 есе жоғарылауы байқалды.

Загрузки

Опубликован

2021-07-26