ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАС ТҰҚЫМ БҰҚАШЫҚТАРЫН VYTELLE (GROWSAFE) КАНАДАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛДЫҚ ШЫҒЫНЫН АНЫҚТАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.2(109).591Ключевые слова:
Қазақтың ақбас тұқымы, GrowSafe технологиясы, мал азығының тиімділігі, тірілей салмақ, азықтың қалдықтары, құрғақ заттарды қабылдау.Аннотация
Мақалада агроөнеркәсіптік кешені дамыған елдерде қолданылатын Vytelle GrowSafe технологиясын қолдану тәжірибесі, оны қазақтың ақбас ірі қара малының асыл тұқымында зерттелген. Қазіргі уақытта GrowSafe технологиясы Ақмола облысы, «Жаңа Береке» ЖШС-де енгізілуде. Зерттеу нәтижесі Vytelle GrowSafe мәліметтер базасына түсірілген. Ізденіс нәтижесі барсында тәжірибедегі күтілетін қалдық шығыны (RFI EPD), күтілетін ұрпақ айырмашылығының орташа тәуліктік өсімі (ADG EPD), құрғақ заттарды қабылдау арасындағы күтілетін айырмашылық (DMI EPD), азықтың қалдықтары (RFI), қалдықтың орташа тәуліктік өсімі (RADG), тірі салмақтың орташа тәуліктік өсімі (ADG), құрғақ заттардың қорытылуы (DMI), сынау кезіндегі жас төлдердың тәуліктік орташа мөлшері зерттеліп келтірілген. Зерттеу нәтижелері бойынша RFI EPD орташа мәні 1 топта -0.0607, 2 топта - 0.0297 құраған. ADG EPD 2 (-0.0005) тобымен салыстырғанда 1-топта (-0.0018) жоғары. DMI EPD индексі бірінші топта -0,0600, екінші топта -0,0292. 1-топтың қалдық жем мөлшері -0,81-ден 1,11-ге дейін, 2-топта -0,80 -ден 1,09-ға дейін өзгерген. 1-топта RADG индикаторы -0.57… 0.58 деңгейінде, 2-топта -0.58… 1.13 денгейінде. Зерттеулердің басында және соңында орташа тірі салмақ бірінші топта 254,16 және 287,62 кг, екінші топта 239,99 және 273,09 кг құраған. Екі топ үшін ADG бір деңгейде болдған (0,70 және 0,69). Бірінші топта DMI жоғары ( 4.15), екінші топта бұл көрсеткіш 3,65 құрады.