МАҚТА ДАҚЫЛЫН ЗИЯНКЕСТЕРДЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.2(109).590Ключевые слова:
мақта, мақта көбелегі, биологиялық әдіс, зиянкестер, алтынкөз, трихограмма, бракон.Аннотация
Мақтаның өнімділігін, сапасын жоғарылатудың маңызды шаралардың бірі – оны мақта зиянкестерінен тиімді қорғау болып табылады. Қазіргі кезде қолайсыз ауа райы жағдайы, арамшөптер мен аурулар, сонымен қатар көптеген сорғыш және кеміргіш зиянкестер, әсіресе мақта көбелегі (Helicoverpa armigera Hubn.) зиянкесі дақылдың өнімділігіне айтарлықтай кері әсерін тигізуде. Сонымен қатар, химиялық препараттарды қолданудан зиянкестермен бірге олардың табиғи энтомофагтарының жойылуынан, зиянкестің келесі кезектегі ұрпағының саны күрт артуы байқалуда, бұл, өз кезегінде, химиялық қорғау шараларын бірнеше рет жүргізуге әкеледі. Бұл жағдайда зияндылығы жағынан кейінгі дәрежелі зиянкестер табиғи жауының жойылуынан негізгі зиянкеске айналуда. Қазіргі уақытта мақта алқаптарында өсімдікті қорғаудың химиялық әдісінен бөлек, ішінара биологиялық әдіс те кең ауқымда қолданыла бастады. Оның тиімділігі көптеген факторға байланысты. Энтомофагтарды өсіру бойынша жұмыстардың алдағы бағытын анықтау үшін биоәдіс тиімділігінің мөлшерін анықтау қажет.