ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН ПАРАЗИТАРЛЫҚ АУРУЛАРЫНА АНЫҚТАУЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ

Авторы

  • К.Ж.Абдразакова, МББ-21 т магистранты Г.К.Тулиндинова, б.ғ.к,доцент Н.Е.Тарасовская, б.ғ.д,профессор Л.Т.Булекбаева, б.ғ.к,доцент М.Т.Какимов , маман, мал дәрігері НАО КАТУ им.С. Сейфуллина
  • Павлодар мемдекеттік педагогикалық университеті КАТУ

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.47100/herald.v1i3.87

Ключевые слова:

нәжістің үлгілері, антифриз, антифриз, модификацияланған әдістер, копрологиялық материалды сақтау, бұрау әдісін модификациялау, жылқылар, ірі қара және ұсақ малдар, жануарлардың паразитоздары, гельминттердің инвазиялық элементтері.

Аннотация

Мақалада авторлар Павлодар облысындағы ірі қара мал, қой және жылқылардын паразитарлық ауруларын қалыпты және жаңа ұсынылған анықтау әдістерімен зерттеу нәтижелерін сипаттаған. Қалыпты әдістермен
бірге авторлар ерітіндінің тығыздығын ұлғайтатын инновациялық әдістерде тосол мен антифриз қосындыларын қолданғандағы зерттеу нәтижелерін
сипаттаған. Зерттеушілер паразитоздарды анықтағанда ең тиімді нәтижені антифризді қосындылармен бірге қолданғанда алған.Паразитоздарды анықтағанда инновациялық әдісті қолданғанда оның нәтижесі қалыпты әдістермен салыстырғанда 1,5-2 есе артады. Этиленгликоль негізіндегі сұйықтықтар қабықтардың дигидрлік
спирттермен нашар ылғалдануына байланысты гельминт жұмыртқалары мен кокцидия ооцисталарының бетіне шығарылуына ықпал етеді.
Павлодар аймағында жылқыларда стронгиляттар анықталды, олардын ішінде деляфондиялар басым, сиректеу стронгилюс пен альфортияларкездеседі. Үсақ күйістілерде стронгиляттардан көбінесе хабертия мен
гемонхтар, сиректеу нематодиралар анықталды. Жас малдарда жиі аскаридаталар тіркеледі (параскаристар құлындарда және неоаскаристер бұзауларда). Ірі қараның жас малында жалғыз трихоцефала және нематодира жұмыртқалары табылған. Барлық зерттелген жануарлардын нәжістерінде эймерияның жалғыз ооцисталары табылған.

Загрузки

Опубликован

2021-05-14