-

Авторы

  • -

Ключевые слова:

себестоимость продукции, калькуляция себестоимости, отчетность, МСФО.

Аннотация

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының басты ерекшелігі олардың әртараптылығы, яғни негізгі, көмекші және қызмет көрсетуші өндірісі мен шаруашылықтарының болуы. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын талдау кезінде өндірістік қызмет қаржылық нәтижесін анықтауда нақты өнім түрлеріне тікелей немесеэкономикалық негізделіп
таратылатынын ескеру қажет. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын қазақстандық тәжірибеге ендіру кезінде параллельдік есепке алу әдісін қолдану мақсатқа сәйкес, яғни оның көмегімен жинақтамалық есеп тіркелімдерінен ақпараттық мәліметтерді көшіру тәртібін орнатуға болады. Өнім өзіндік құны мен оны өткізу есебін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес көрсету қазақстандық кәсіпорындарға инвесторлар санын ұлғайтуға, құралатын есептіліктің нақтылығы мен объективтілігін, басқару ақпаратының сапасын жоғарылатып халықаралық деңгейге шығуға
септігін тигізеді.

Загрузки

Опубликован

2021-07-26