-

Авторы

  • -

Аннотация

Қазақстанда инфекциялық сипаттағы аурудың қоздырушысы Fusarium туысының саңырауқұлағымен зақымдалған картоп дақылының солуы нәтижесінде картоп түйінінің өнімділігі айтарлықтай төмендеген. Туыс түрлерін идентификациялауда саңырауқұлақтың кең диапазонды белгілерін анықтауда қиындық тудырады. Жұмыстың негізгі мақсаты болып картоптағы фузариоз қоздығышының морфологиялық белгілері мен ПТР нәтижесі бойынша идентификациялау. Саңырауқұлақпен зақымдалған картоптың жапырақ үлгілері мен 19 сорттың картоп түйіндері, сонымен қатар картоптың бір гибриды жиналып
толықтай талдау жүргізілді, сондай-ақ 9 моноспоралық изолят алынды. Мәдени және морфологиялық белгілерді қосқанда бізбен бөлінген изоляттар Fusarium oxysporumSchltdl болып идентификацияланды. ПТР жүргізу барысында бізбен бөлініп алынған изоляттардың және бақылау изоляттарының F. oxysporum 58284 және 58285 диагностикалық фрагменті 70 ж. н. құрады. Молекулярлы-генетикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша оңтүстік-шығыс Қазақстандағы картоп дақылында кездесетін фузариоз қоздырғышы F. oxysporum саңырауқұлағы болып дәлелденді.

Загрузки

Опубликован

2021-07-26