ҚЫЗАНАҚ ДАҚЫЛЫН ТӨМЕН ҚЫСЫМДЫ ТАМШЫЛАТҚЫШПЕН СУҒАРУ РЕЖИМІ ЖӘНЕ ДАҚЫЛДЫҢ СУ ПАЙДАЛАНУ ЖИЫНТЫҒЫ

Авторы

  • Қозыкеева Ә.Т., Есмурзаева А.К., Жатқанбаева А.О.

Ключевые слова:

тамшылатып суғару; суғару режимі; су пайдалану; тәуліктік су пайдалану.

Аннотация

Мақалада жаңадан ұсынылып отырған төмен қысымды тамшылатқышпен қызанақ дақылын суғару режимі, дақылдың су пайдалану жиынтығы, элементарлы суғару мөлшері арқылы дақылдың суғару және суғармалау мөлшерлерін анықтаудың әдістемесі қарастырылған. Элементарлы суғару мөлшерін анықтаудың жаңа теңдеуі ұсынылып отыр. Есепті суғару мөлшері 132 м 3 /га тең. Зерттеу нәтижесі бойынша қызанақ дақылының су пайдалану коэффициенті, қарықпен суғару нұсқасына
қарағанда екінші нұсқада әлдеқайда төмен екені көрсетілген. Топырақтың есепті қабатының (50см) ылғалдану ұзақтығын және ылғалдану аймағын анықтауға арналған лизиметрлік зерттеу жәшігі ұсынылады.

Загрузки

Опубликован

2021-07-23