-
Ключевые слова:
Аквакультура, тиляпия, сеголетки, биофильтр,бассейн, комбикорма, водная среда.Аннотация
Жұмыстың өзектілігі инновациялық технологияларды қолдану арқылы тұйық жүйелерде балықтарды өсіру негізінде индустриалдық балық шаруашылығын дамыту қажеттілігімен анықталады. Зерттеу нысандары - әртүрлі жастағы тиляпия балықтарының топтары және тұйық жүйелі қондырғылар. Жұмыстың мақсаты – тиляпия балығын өсірудің экономикалық тиімді биотехникалық әдістерін анықтау үшін әртүрлі әдістер мен өсіру технологияларын кешенді зерттеу. Материалдарды жинау және өңдеу гидрохимия мен ихтиология салаларында жалпы қабылданған әдістемелер бойынша жүргізіліп, дербес
компьютерде анализ жасалынды. Әртүрлі топтағы әртүрлі жастағы тиляпия балықтарының тірі қалу деңгейі, өсу жылдамдығы, гидрохимиялық тәртіпке әсері секілді бірқатар параметрлер бойынша кешенді зерттеулер жүргізілді. Дернәсілдерден бастап үлкен жастағылар мен өнім беруші тиляпияларды ұстау мен өсірудің қолайлы жағдайлары анықталды. Әртүрлі гидрохимиялық және ихтиологиялық жағдайларда өсірілетін балықтардың өсу жылдамдығының
негізгі заңдылықтарына баға берілді. Суды тазалаушы үлкен көлденең биофильтрді, құмды фильтрге екі жақты жіберілетін қуатты насосты қосу арқылы тұйық жүйелі балық өсіру қондырғысы қайта жабдықталып құрастырылды. Жобаның ғылыми жаңалығы - Қазақстанда алғаш рет Қазақстанның балық шаруашылықтары жағдайында тиляпия балықтарын ұстау мен
өсірудің биотехникалық әдістері дайындалып, меңгеріледі. Зерттеу нәтижелері тұйық жүйелі балық өсіру қондырғыларын қолданатын балық шаруашылықтарында қолданылады. Зерттеу барысында өнім алу мен отырғызу материалын өсірудің негізгі параметрлері анықталды.