-
Ключевые слова:
Рыбы, растения, биофильтр, фитофильтр, гидрохимия, плод, освещенность.Аннотация
Жұмыстың өзектілігі инновациялық технологияларды қолдану арқылы тұйық жүйелерде балықтарды өсіру негізінде индустриалдық балық шаруашылығын дамыту қажеттілігімен анықталады. Зертеу объектілері – тұйық жүйелі қондырғыларда өсірілетін бірқатар балық түрлері және балықтармен бірге өсіруге жарамды өсімдіктер. Жұмыстың мақсаты – биологиялық фильтрді фитофильтрге жартылай немесе толық алмастыру негізінде тұйық жүйелерде бірге өсіруге бейімделген балықтар мен өсімдіктерді кешенді зерттеу. Материалдарды жинау және өңдеу гидрохимия, өсімдіктану,
ихтиология салаларында жалпы қабылданған әдістемелер бойынша жүргізілді. Әртүрлі балық және өсімдіктер түрлерін тірі қалу деңгейі, өсу жылдамдығы, гидрохимиялық тәртіпке әсері секілді бірқатар параметрлер бойынша кешенді зерттеулер жүргізілді. Селбесіп тіршілік ететін балықтар мен өсімдіктердің аз шығын кетіргенде ең көп өнім беретін түрлері
анықталды. Әртүрлі климаттық, гидрохимиялық, ихтиологиялық және фитологиялық жағдайларда өсірілетін балықтар мен өсімдіктердің өсу жылдамдығының негізгі заңдылықтарына баға берілді. Суды тазалауда нитрифицирлеуші бактерияларды қолданатын биофильтрді, балықтардың метаболиттерін өсімдік тамырларының көмегімен сіңіретін фитофильтрге алмастыру жолымен тұйық жүйелі балық өсіру қондырғысы қайта жабдықталып құрастырылды. Жобаның ғылыми жаңалығы – Қазақстанда алғаш рет әртүрлі балықтардың зат алмасуы өнімдерінің концентрацияларын зерттеу негізінде бағалы балық пен өсімдік түрлерін бірге өсіру әдістері жетілдіріледі.