АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА САЛЫҚ САЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ключевые слова:
салық салу, ауыл шаруашылығы, бірыңғай жер салығы, салықтық жеңілдіктер, жүктелме салық, салық саясаты.Аннотация
Ауыл шаруашылығының қаржы-экономикалық жағдайына әсер ететін факторлардың бірі салық салу, ол бюджетті толтыру қызметін ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісін ынталандыру үшін бағытталғаны жөн. Берілген мақалада ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметін салықтар көмегімен ынталандыруға бағытталған ұсыныстар қарастырылған. Салық төлеушінің табыстарын бағалаудың балама әдістерін қамтамасыз ету мақсатында жүктелме салықтың енгізілу ерекшеліктері қарастырылған. Сонымен қатар, салық жеңілдіктерін ұсыну критерилері ретінде инновациялық даму, инвестициялау қарастарылуы керек. Ауыл шаруашылығын қолдаудың маңызды сұрақтары ретінде: қандай принциптер негізінде мемлекеттік реттеу қалыптасады, оның экономикалық әдістерін жетілдіру, аграрлық өндірісті көтеру және дамыту үшін салықтық жеңілдіктерді қалай қолдануға болады, салық салуды реформалау кезінде қандай басымдылықтар қажет екендігін көрсетуге болады.