ГЕОТЕРМАЛЬДІ СУ ТОҒАНЫНДА ТИЛЯПИЯ БАЛЫҒЫН (OREOCHROMIS NILOTICUS) ӨСІРУ

Авторы

  • Бадрызлова Н.С ТОО "Научно-производственный центр рыбного хозяйства"
  • Жаң Рыңмиң Су өнімдері ғылыми-зерттеу институты
  • Адақбек Қ. Су өнімдері ғылыми-зерттеу институты
  • Бұлавин Е.Ф Балық шаруашылығы ғылыми -өндірістік орталығы

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.3(110).520

Ключевые слова:

акваөсіру, тиляпия, поликультура, геотермальді су, отырғызу тығыздығы

Аннотация

Мақала №2019Е01013 «Қазақстанда тиляпия (шытыра) балығын (Оreochromis niloticus) жоғары өнімділікпен өсіру технологиясын зерттеу және енгізу» деп аталатын халықаралық ғылыми-технологиялық бірлескен жобаның аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижесімен жазылды. Қытайда әзірленген автоматты жем шашқыш және судағы оттегі мөлшерін арттыру үшін аэратор қолдана отырып Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтарында тиляпия балығын поликультурада кларий жайынымен бірге өсірудің тиімділігі жоғары технологияларын зерттеу және өндіріске енгізу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тоғандарда жүргізілген кешенді зерттеу жұмыстарының негізгі көрсеткіштерін бақылау нәтижелері келтірілген яғни, температура мен оттегі режимі, сутегі көрсеткіші. Абиотикалық экологиялық факторлардың динамикасы және олардың тилапия мен кларий жайындарының өсу қарқынына әсері көрсетілген. Тиляпия және кларий жайындарының негізгі балық өсіру-биологиялық көрсеткіштері бойынша талдау ұсынылды; олардың өсу қарқыны мен өмір сүруіне әсер ететін факторлар анықталды. Тиляпия мен кларий жайынының өнімділігі жайында статистикалық зерттеулер деректері келтірілген. Сондай-ақ, Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында геотермалдық суда акваөсіру жылу сүйгіш объектілерін өсіру мүмкіндігі, жоғары өмір сүру және жоғары балық өнімділігі көрсетілген.

Загрузки

Опубликован

2021-09-24