МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАНҒАН PLEUROTUS PULMONARIUS (FR.) QUEL. САҢЫРАУҚҰЛАҒЫНЫҢ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ВЕРИФИКАЦИЯСЫ
Ключевые слова:
идентификация, верификация, штаммдар, нуклеотидтік тізбек, филогенетикалық шежіре.Аннотация
Морфологиялық белгілері негізінде Pleurotus pulmonarius (Fr.) Quel. деп анықталған, агарика саңырауқұлағының түрлік идентификациялық дәлдігін анықтау мақсатында одан бөлініп алынған 4 штаммға: Pp 4, Pp 6, Pp 8, Pp 12 секвендеу әдісін (ITS тізбегінің ретін талдау) қолдану арқылы олардың нуклеотидтік тізбегінің реттік тәртібі анықталды. Алынған мәліметтерді
халықаралық Gene Bank базасындағы депонирленген сәйкес штамдардың нуклеотидттік тізбектерінің реттерімін салыстыру арқылы түрлердің арасындағы туыстық филогенетикалық шежіресі құрылды. Дендрограммада біздің штаммдар ГенБанк базасында сақтаулы Pleurotus pulmonarius штаммдарымен бір кладқа сәйкес келді (. Бұл біздің макроморфологиялық
ерекшеліктеріне негіздеп анықтаған түріміз толықтай сол түр екенін дәлелдейді.