-
Ключевые слова:
pest monitoring, harmful non-gregarious locusts, distribution, harmfulness, agricultural lands, Northern Kazakhstan.Аннотация
Мақалада Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылық алқаптарында зиянды саяқ шегірткелер бойынша 2013-2015 жж. өткізілген фитосанитарлық мониторингі жайында талдау жүргізіледі. Бұл фитофагтардың анықталған барлық 9 түрі де Солтүстік Қазақстанның облыстарында кең таралған. Аса жиі кездесетін зиянды түрлеріне Pararcyptera microptera (F.-W.),
Dociostaurus brevicollis (EV.), Podisma pedestris (L.) жатады және олар барлық астық тұқымдас стацияларда, себу айналымынан шыққан бос алқаптарда және жайылымдарда кездескен. Мәліметтер көрсеткендей, майлы және бұршақ тұқымдас дақылдар егістіктерінде қарастырылған жәндіктердің саны өте төмен болған немесе мүлдем кездеспеген. Олар негізінен көп жылдық астық тұқымдас стацияларды мекендеп, астық тұқымдас масақты дақылдар егістіктерінде салыстырмалы түрде аздау кездесті. Зерттеулердің мәліметі бойынша, бұл фитофагтардың зияндылығы олардың сандылығы > 10 экз/м 2 болғанда ғана экономикалық тұрғыдан маңызды болады. Бұл жағдайда зиянды саяқ шегірткелердің кешеніне қарсы фитосанитарлық шараларды қолдануға ұсынылады.