НАНОТЫҢАЙТҚЫШТАР ҚОЛДАНЫП ҚАРБЫЗДЫҢ ТҮСІМІН ЖӘНЕ САПАСЫН АРТТЫРУ

Авторы

  • Нұрғазина Г.М. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Алімқұлова Э.Ж. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Д.А. Нұрғалиева Астана халықаралық университеті
  • Ә.Қожан С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.3(110).49

Ключевые слова:

нанотыңайтқыштар, қарбыз, өсіру алқабы, ылғалдылық, қышқылдылық, тұздылық, тастақ жер, экологиялық таза сорт, сынама

Аннотация

Бұл мақалада цеолит тасымалдаушысындағы азот және фосфор нанотыңайтқыштарын ауыл щаруашылығы өнімдерінің түсімін арттыру мақсатында қолдану қарастырылған. Қазақстанның қышқылды тастақ жерінде қарбыз көкөнісінің жаңа экологиялық таза сорттарын өсіруденанотыңайтқыштардың ылғал мен топырақ тұздылығына, қышқылдылығына әсері зерттелді. Ауыл шаруашылығында егін өнімін арттыруға байланысты топырақтағы қоректік заттардың жетіспеушілігі орын алып, ал ол жағдай фермерлердің экономикалық шығындарға ұшырауына, қоректік заттар сапасының елеулі түрде жетіспеушілігіне және жалпы ауыл шаруашылық өнімдерінің мөлшерінің азаюына әкелді. Егін түсімін молайту үшін химиялық тыңайтқыштарды көп мөлшерде қолданғанда бір жағынан өнімнің көбеюіне жағдай жасаса, екінші жағынан топырақтың минералдық тепе-теңдігін бұзады. Егу жұмысына дейінгі қарбыз егетін егіс алқаптарын дайындау жұмыстарынан бастап, топырақ сынамаларын алу, зерттеу, өңдеу; қарбыздың өсу процесіне климаттық факторлардын әсерін анықтау үшін күнбе-күн бақылау жүргізу; қарбыздың қоректену жүйесін бақылау және топырақтың өзгерісі мүмкін болатын кезендерің анықтау үшін топыраққа зертханалық сараптама жасау; алынған өнімге физика-химиялық сараптама жасау жұмыстары жасалды.

Загрузки

Опубликован

2021-09-24