-

Авторы

  • -

Ключевые слова:

Echinococcus granulosus, excretory-secretory antigen, antigenicity, immunogenicity, ELISA.

Аннотация

Бұл жұмыста эхинококкозбен инвазияланған иттерді анықтауға арналған тест-жүйесін әзірлеуде қолдануға болатын ақуыздарды анықтау мақсатында, Echinococcus granulosus экскреторлы-секреторлық өнімінің иммуногенділігі мен антигенділігі зерттеу нәтижелері келтірілген. Иттер екі топқа бөлініп, ет комбинатында қойларды сойғанда алынған E.granulosus және Cysticercus tenuicolis тірі протосколекстерімен – Taenia hydatigena балаңқұрттарымен пероральді жолмен жұқтырылды. In vivo жағдайында жиналған протосколекстік және ересек формалы E.granulosus экскреторлысекреторлық антигендері (ЭС-Аг), эхинококкозбен жұқтырылған иттердің қан сарысуларына антигенділік танытқаны анықталды. Екі цестодалардың балаңқұрттарының ЭС-Аг айқын телімсіз байланыс көрсетті, имаголық  антигендермен салыстырғанда T.hydatigena ЭС-Аг де сипатталғанантигенділік, инвазиялық үрдіс дамыған сайын күшейе түсті. Антитенииоздік қан сарысуы эхинококк антигендерімен телімсіз байланысы әлсіз болды, анти-E.granulosus сарысуының T.hydatigena мен телімсіз
байланысына қарағанда. Екі гельминттің экскреторлы-секреторлық антигендерінің қояндарға иммуногенділігі бар ақуыз фракциялары анықталды.

Загрузки

Опубликован

2021-07-15