-

Авторы

  • -

Ключевые слова:

-

Аннотация

Жануарлардың өнімділігін арттыру мақсатында сапалы және қауіпсіз азықтық қоспаларды пайдалану - ветеринарлық мамандар мен мал шаруашылық технологтар үшін алдыңғы міндеттердің бірі болып табылады. Мақалада ірі қара малдың өнімділігін арттыратын, емдік-профилактикалық қасиеттері бар, ас қорытудың физиологиялық процестерін үдететін азықтық
қоспа компоненттерінің қауіпсіздігін бағалаудың нәтижелері берілген. Әзірленетін азықтық қоспалардың негізгі мен қосалқы құрамдас бөлшектерінің қауіпсіздігіне баға беру жалпы уыттылық әсерін анықтауға мүмкіндік беретін биотестілеу әдісі көмегімен және жалпы радиоциондық фонды анықтау радиометриялық жолмен жүзеге асырылды. Алынған нәтижелер азықтық қоспалардың құрамдас бөлшектерінің жалпы уытты әсері жоқ екендігін көрсетті, яғни биологиялық тест-объектеріне теріс ықпалын тигізбеді. Жалпы радиоциондық фонды анықтау нәтижесі бойынша эквиваленттік доза қалыпқа сай және тағамдық өнімдерге қойылатын ШЖК аспады.

Загрузки

Опубликован

2021-07-15