-
Ключевые слова:
-Аннотация
Зертеу кезінде қайың ағашы зиянкестерінің жарғаққанаттылар (2 түр), жартылай қаттықанаттылар (4 түр) қаттықанаттылар (3 түр) және қабыршыққанаттылар (2 түр) топ-тарына жататын түр құрамы анықталды. Аталған бунақденелілер қайыңның жапырақтарын, сырғаларын және тамырларын зақымдады. Қайыңның жер үсті мүшелері оның тамыр-ларна қарағанда әлде қайда жоғары зақымдалғаны байқалды. Сонымен қатар қайыңның қалыпты жағдайын әжептеуір нашарлататын фактордың бірі ретінде қайыңның егеуші-минасалғыштары екені анықталды. Егеуші-минасалғыштар қайыңның жапырақ ұлпасы ішінде өсіпдамитындығына байланысты, өндірістік химиялық өңдеу жұмыстарының аталған зиянкестерге қарсы тиімділігі өте нашар болды. Сондықтан аталған зиянкестермен тиімді күресу жолдарын ары қарай зертеген жөн.