-
Ключевые слова:
-Аннотация
Бұл мақалада мұз-желді жүктемелерде 110 кВ жоғарғывольтты желілерді пайдаланудың ықпалы жайлы сұрақтар қарстырылады. Сонымен қатар олармен күрес шаралары көрсетілген. Мұзқатуларды электр тогы көмегімен үш фазалы жоғарғывольтты желілерде қысқа тұйықталу режимінде ерітуге аса зор назар аударылды. «Талдықорғандық акционерлі транспорттықэлектрожелілік компания (ТАТЭК)» акционерлік қоғамының балансындағы 110 кВ электр жеткізу желілері қарастырылған. Климаттық жағдайларға байланысты апаттардың түрлері, электрлік желілер схемаларынан үзінді,
мұзқатуларды еріту қондырғысын қосалқы станцияда орналастыру орны келтірілген. Сондай-ақ мұз басқан денеден мұз еру шарттарын ескеретін математикалық модель мен сымдарда мұз шөгінділерінің салмағын анықтау формуласы, сонымен қатар электр жеткізу желілерінде мұзқатуларды қысқа тұйықтау әдісі бойынша еріту тәсілдері көрсетілген. Болашақта
мұзқатуларды еріту процесстерін автоматтандыру ұсынылады. Мұзқату қауіпі мәселесін шешу Қазақстан аумағында энергиямен жабдықтауды тиімді қолдануға мүмкіндік береді.