-
Ключевые слова:
-Аннотация
Мақалада жаңа туылған бұзауларды алғашқы кезеңдерде уызбен қоректендіру жолдарының тиімділігі және бұзауды ары қарай өсіп жетілуінің өзекті мәселелерін зерделеп қарастырған. Бұзауларды қоректендіруде әр түрлі әдістермен техникалық құралдар қолданылады. Олардың саны әр алуан. Техникалық құрылғылар бұзауларды сұйық қорекпен қоректендіру үдерісін автоматтандыруға және механикаландыруға ықпалын тигізеді. Ұсынылған құрылғылар барлық зоотехникалық және ветеринарлық талаптарға сай болу керек. Сонымен қатар барлық құрылғылардың жұмыс істеуі қарапайым қауіпсіздік ережелеріне сай болуы тиіс. Дегенмен, техникалық құрылғылар уызбен қоректендірудің қарапайым жолдарының физиологиялық талаптарына сай келе бермейді. Қазіргі уақытта бар, техникалық құрылғыларға талдау жүргізілді. Сол
талдауды қорытындылай келе, сұрыптау жасалынды. Бұзауларды қоректендіру әдістерінің сұрыптауы негізінде, біз ол жұмысты механикаландыру үшін, жаңа заманауи құрылғыларын құрастырудың дұрыс жолын анықтадық. Осыған орай алдағы уақытта бұзауларды қоректендіру құрылғысы табиғи қоректенуге жақын болуы тиіс, яғни бұзау сыйырды
емгендей. Бұл жағдайда сұйық қорек бұзаудың азқазанына белгілі мөлшерде барады, ол жеңіл қорытылады, сондықтан бұзаудың іш құрылысының ауыру қауыпі төмендейді.