-

Авторы

  • -

Ключевые слова:

-

Аннотация

Мақалада тыңайтқыш мөлшерінің қарашірінді мөлшеріне және Солтүстік Қазақстан құрғақ дала аймағында жаздық бидайды өсіру барысында топырақта бекіген нитратты азоттың динамикасына 15N изотопымен таңбаланған азот бойынша азоттың мөлшеріне әсерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Минералдық тыңайтқыштар қарашірінді мөлшерінің бақылау нұсқасымен тең және біршама артуына жағдай жасады. Азот тыңайтқыштарын себу алдында Р60аясында енгізгенде қарашірінді мөлшерін жоғарылатты. N-NO3 мөлшеріазот тыңайтқыштарынқолдануға тәуелді артты, Р60аясында себу алдында N-NO3 мөлшері фосфор тыңайтқыштары енгізілмеген нұсқалармен салыстырғанда жоғары болды. Изотопты индикация қолдануда, азот тыңайтқыштарының үлесі, тритикалеге қарағанда бидай егілген топырақтарды төмен болып шықты. Жаздық бидай өсірілген топырақтарда тыңайтқыштағы азоттың бекуі 20-39% және жаздық тритикаледе 25,8-50,9% құрады.

Загрузки

Опубликован

2021-07-14