-

Авторы

  • -

Ключевые слова:

-

Аннотация

Әзірленген әдістеме негізінде Multi Pateks (көп компонентті, көп қабатты, H-SiOCN жүйесінің градиентті наноқабаты) қабатының микроабразивті тозуына сынау жүргізілген, бұл қабат финишті плазмалық беріктендіру технологиясы және TiN қабатының кең түрде қолданылуы арқылы ваккумдық ионды-плазмалық тозаңдату әдісін пайдалана отырып плазмалық ағынының ННВ6.6И1жетілдірілген жабдықтаманың көмегімен іске асты. Материал ретінде төсеніштерге тез кескіш Р6М5, HRC 62-64 болат пайдаланылған. Қабаттың қалыңдығы шамамен 2-3 мкм құрады. Жүргізілген тәжірибелік зерттеулер көлемді тозу және тозудың қарқындылығы мен жылдамдығы, сонымен қатар төсеніштердің тозу коэффициенті - Р6М5 болаттың Multi Pateks және TiN қабаттарын енгізу нәтижесінде 50 % және 70 % кеміді. Бұл кезде Multi Pateks қабатының тозу коэффициенті 6,9 м³Н- ¹м- ¹ сәйкес келеді, бұл коэффициент вакуумды TiN қабаты үшін 7,61 м³Н- ¹м- ¹ тең болады. Микроабразивті тозуға сынау әдістемесі әртүрлі бұйымдар материалдарының сыртқы қабатының тозу параметрлерін бағалау мен сертификаттауға мүмкіндік береді. Түйіскен материалдар қажалу мен тозу жағдайында жұмыс істеулері керек.

Загрузки

Опубликован

2021-07-12