-

Авторы

  • -

Ключевые слова:

біртүрлі және аралас егістіктер, компоненттердің ара қатынасы, жемдік астық, мал азықтық бірлік, қорытылатын протеин, өсіру аймағы.

Аннотация

Батыс және шығыс Сібірдің орманды дала мен дала аймақтарында, сонымен қатар Солтүстік Қазақстанның дала аймағында өсірілетін дәнді, бұршақ дақылдардың біртүрлі және аралас егістіктерінің өнімділігі мен қоректік құндылығының сараптамасының нәтижесі келтірілген. Аралас егістіктердің біртүрлі егістерге қарағанда 13-15 % өнімін аз беретіні, бірақ олар
ауа-райы жағдайына көбірек икемді екендігі анықталған. Аралас егістікке ең жақсы дәнді дақылдар сұлы мен арпа, бидайды пайдаланғанда жалпы өнім 10- 14 % төмендейді. Аралас егістіктер, өнімділікке биологиялық потенциалы жоғары бола тұра, өнімінің көбірек ауытқуымен сипаттталады, құрғақ жылдары өнімінің 90 % ын дәнді дақылдар қалыптастырады, бұршақтардың үлесі 10 % ды ғана құрады. Ылғалды жылдары бұршақтардың үлесі аралас егістіктің өнімінің 40-55 % ын құрайды. Қорытылатын протеинмен қамтамасыз етілуден жемдік астық қоспасы сұлы мен арпаның біртүрлі егістіктеріне қарағанда 23-28 мал азықтық бірлікке асып түседі, бұл көрсеткіштің зоотехникалық нормасы жемдік қоспада бұршақ компоненті 15 % дан кем болмағанда алынады

Загрузки

Опубликован

2021-07-12