ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС ӨҢІРІНДЕГІ АГРОЦЕНОЗДАРДЫ ЫЛҒАЛМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ӘДІСТЕРІ ЖҮЙЕСІНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ

Авторы

  • Ирмулатов Б.Р.,Иорганский А.И., Сарбасов А.К

Ключевые слова:

Өнімді ылғал қоры, топырақтар,алғы дақылдар, технология, жаздық бидай, өнімділік.

Аннотация

Ылғалды жинау және үнемді қолдану әдістерін зерттеуге арналған тәжірибелер Қазақстан Республикасы Павлодар облысының егіншілік жүргізетін ауыр саздақты оңтүстік қара, жеңіл саздақты қара-қоңыр және жеңіл саздақты шалғындық қоңыр топырақтарында жүргізілген. Агроландшафтты аймақтарда ылғалмен қамтамасыз етуді оңтайландыру мәселесін шешудегі басты әдіс болып Павлодар АШҒЗИ-ның ғылыми зерттеулерінің нәтижесі негізінде дәнді дақылдарды тарақтап жинап жаппай таралған аңыздықты немесе аңыздықтан ықтырма қалдыру арқылы қар ұстау технологиясын қолдану болып табылады. Бұл әдіс оңтүстік қара топырақтарда ылғал қорын жаздық дәнді дақылдарын себу алдында орташа алғанда 25,8–26,3 мм арттырады және таза ықтырмалы сүрі жерден кем түспейді, сонымен қатар топырақ құнарлылығын тиімді сақтайды, жел эрозиясынан қорғайды. Алғы дақылды дайындаудың нөлдік және қарқынды технологияларын қолдану (биік аңыздықтарды қалдыру, ықтырмалар егу, ұсақталған сабанды шашу, арамшөптен қорғау шараларын) дәстүрлі технологиямен салыстырғанда жеңіл саздақты қара-қоңыр топырақтарда ауыл шаруашылығы дақылдарын себу алдында ылғалмен қамтылуын сәйкесінше 30,5-33,0 мм және 15,6-27,1 мм-ге, ал шалғындық-қоңыр топырақтарда 17,8-20,2 мм және 11,5-19,2 мм-ге арттырады.

Загрузки

Опубликован

2021-07-12