-
Ключевые слова:
-Аннотация
Қазақстандағы мемлекеттік ауыл шаруашылығы саясаты сұранысқа ие бәсекеге қабілетті аграрлық азық-түлік өнімдерін өндіруді қолдайды. Бұны орындау үшін, бірінші міндет - үй шаруашылықтарын ауыл шаруашылығы ынтымақтастыққа тарту. Осы бастамаларды ілгерілету үшін, кооперативтер жеңілдетілген несиелер мен қолдау ала алады. Осылайша, 2016 жылдан бері ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры берген несиелер арқылы , ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ұсақ фермерлерді біріктіру жұмысы басталды. Ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында, жаңа несие өнімдері әзірленді және жүзеге асырылды: Атап айтсақ оған «Ынтымақ» - ет, сүт, жеміс-жидек және көкөніс кооперативінің қызметсатып алу орталықтарын қаржыландыру үшін; «Игілік» - ауыл шаруашылығы малдары мен құс сатып алу және молықтыруды қаржыландыруға; «Береке» - отбасылық жемдеу алаңдарының желісін дамытуға; «Бірлік» - сүт қабылдау
пункттерінің желісін дамытуға. Асыл тұқымды мал сатып алуға мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру және ет сату ақылы төлемді алу керек. Тауарлы-сүт фермаларының субсидиялар үшін үш деңгейі және олардың әрбірінің талаптары бар. Ауыл
шаруашылығы өндірісі ауыл шаруашылығы кооперативінің субсидия түрінде мемлекеттік қолдау алу үшін кем дегенде жиырма мүшесi болуға тиiс. Бұл талап мөлшері мен ауқымды кооперативтерінің тұрғысынан неғұрлым тұрақты одақ құру үшін қойылып отыр. Осы субсидияларға қарамастан елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өндірушілердің көңілі
онша емес, себебі субсидия мөлшері тым аз және сүт өндірісі үшін жеткіліксіз. Біздің ойымызша, мемлекеттік және жеке шаруашылықтар мен үй шаруашылығы ынталандыруын қарастыратын ауыл шаруашылығы кооперативтерге жәрдемдесу арқылы сүт, ет және көкөніс азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзара сенім туғызатын нақты қадамдар
қажет. Ол істі жүзеге асырудың тағы бір тетігі болмақ. Аталмыш істі жандандырудың тағы бір амалы тұрақты дамуды қамтамасыз ететін аймақтық бағдарламаларды жасау болып табылады. Мұнда кооперативтерге гранттар беру арқылы оларға тек өнім өндіріп қана қоймай, өнімді сататын желілерді орнықтыру талаптары қойылады.