ИНКУБАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫРТҚА ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ БАЛАПАН ШЫҒЫМЫ ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ДЕТЕРМИНАЦИЯЛАНУЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Ключевые слова:
құс, балапан, жыныс, детерминация, күркетауық, қазАннотация
Балапан шығымы мен жынысын ажырату олардың бағып-күтуі мен азықтандыруын дифференциялауға мүмкіндік тудырып, өнімінің өзіндік құнын азайтып, өндіріс тиімділігін арттырады. Осы мәселені күркетауық пен қаз жұмыртқаларының инкубацияға дейін сақталу мерзімі, салмағы, формасы мен тығыздығының ұрық дамуымен байланысын зерттегенде, жұмыртқа сақталу мерзімі ұзарған сайын сау балапан шығымы, күркетауық жұмыртқасынан 72,2%-дан 68,2%-ға, қаз жұмыртқасынан 64,6%-дан 55,2%-ға кеміп, шығарылған балапандардың ұрғашы/еркек қатынасы, тиісінше, 1,00/1,02-ден 1,00/1,26-ға және 1,00/1,03-тен 1,00/1,21-ге өскен. Балапан шығымы 80-90 г күркетауық жұмыртқаларынан 75,4%. 140-150 г қаз
жұмыртқаларынан 66,7% болып, жұмыртқа салмағы ауырлаған сайын шығарылған балапандардың ұрғашы/еркек қатынасы 1,00/0,96-дан 1,00/1,11- ге және 1,00/1,06-дан 1,00/1,13-ке көтерілді. Жұмыртқа формасының индексі төмендеген сайын балапан шығымы кеміп, балапандарда еркек балапандар басымдылығы өсе түсті де, тығыздығы төмендеген сайын балапан шығымы азайғанмен, олардың жыныстық қатынасында ауытқушылық байқалмады