-

Авторы

  • -

Ключевые слова:

-

Аннотация

Аспирациялық жүйенің атқаратын қызметі, өндіріс бөлмесінде пайда болған шаңды со-рып, ауақұбырлары арқылы шаң тазалағыш құрылғыларға тасымалдап жеткізу. Өндірісте, аспирациялық жүйелерді қолдану барысында жиі кездесетін проблемалардың бірі, ауақұбыры арқылы тасымалданатын шаңбөлшектерінің, құбырдың белгілі бір бөліктерінде отырып қалып, құбырды жартылай немесе толықтай бітеп тастауы. Мұның нәтижесінде құбыр бойының кедергісі жоғарылап, үйкеліске жұмсалатын қысым көбейіп қалыпты жұмыс режимі бұзылады. Осы бағытта жүргізілген көптеген зерттеулер нәтижелерін сараптай келе, шаңбөлшектерінің ауақұбыры ішінде отырып қалуы, ауақұбырларының көлденең және еңкіш орналасқан бөліктерінде және құбырлардың бұрылған, айрылысқан, қосылған, сондай-ақ желдеткіштен алыс орналасқан
бөліктерінде жиі орын алатындығы анықталды. Сондықтан, шаңбөлшектерінің ауақұбыры ішінде отырып қалуын болдырмай алдын алу үшін, ауа-шаң қозғалысы механизмінің ерекшеліктерін ескеріп, және осы уақытқа дейін қолданылып келген әдістер мен құралдардың жұмыс істеу принциптерін сараптап, зерттеулер жүргізу арқылы, аспирациялық жүйенің
нәтижелі жұмыс істеуіне қол жеткізу жолдарын қарастыру қажет.

Загрузки

Опубликован

2021-07-08