РЕСЕЙ ОТАРШЫЛЫҒЫНЫҢ БӚГДЕ САНА ІЛІМДЕРІ
Ключевые слова:
сана, тӛл сана, бӛгде сана, отаршылық, еуропацентризм, социализм, коммунизм, отарлық білім, ағартушылық, тәуелсіздікАннотация
Отарлау басқаның жерін басып алумен, саяси-әкімшілік билікті ӛзгертумен шектелмейтіні тарихтан белгілі. Отарлаушылар отарлаған елдерін ӛздеріне қарсы бас кӛтертпеу үшін бірінші кезекте халықтың елдік санасын, ұлттық намысын жоюға, бодан елдің тӛл санасына қатыстылардың барлығын бӛгде сана арқылы тоз-тозын шығарып бұзуға, халықтың тарихи-мәдени жадын ұмыттырып мәңгүрттендіруге тырысады. Отарлаушыларға тән бұл сипатты Қазақ елін Ресейдің отарлау саясатынан кӛруге болады. Кеңестік кезеңде елімізде болған тӛңкерістер, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар тұсындағы қазақ халқы кӛрген қиындықтар, байкулактармен күрес, ұжымдастыру саясаты, бірнеше мәрте әдейі жасалған
ашаршылықтар, қазақ зиялыларын репрессиялау, коммунизм құрудағы асыра сілтеулер салдарынан қазақ халқының ұлттық рухы құлдырады. Сол кезеңдердегі қазақтың санасын, мәдениетін, тілін, дінін ұмыттыруға бағытталған бӛгде сана ілімдері құрудың алдында тұрған халықтың тарихи жадысын, рухани құндылықтарын, дүниетанымын ӛзгеріске түсірді. Автор
мақалада Ресей отаршылығының қазақ халқының сана болмысына жасаған осы ықпалдарын философиядағы «тӛл сана» және «бӛгде сана» ұғымдарына талдау жасау арқылы кӛрсетеді. Кеңес дәуірінде үстемдік еткен бӛгде сана ілімдері мен еуропацентристік және ориенталистік ӛлшемдер бойынша қалыптасқан дұрыс емес таным-түсініктерді айқындайды. Сонымен қатар, мақалада тәуелсіздіктің іргетасын бекіте түсуде және қоғамдық сананы рухани жаңғыртуда ӛткен тарихымыз бен мәдениетіміздің отаршылық заманнан, тарих сүргінінен бізге кӛмескіленіп жеткен құндылықтарын жас тәуелсіз мемлекет ретінде қайта бағалау қажеттілігі, ӛшкенімізді жаңғыртып, тарихи тұлғаларымыз туралы, олардың дүниетанымдық мәселелері туралы объективті кӛзқарас қалыптастыру қажеттілігі баяндалады.