-
Ключевые слова:
-Аннотация
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы картоп егістігінің орташа өнімділігі гектарына 17 тоннадан аспайды, бұл картоп өсімдіктерінің вирустық, саңырауқұлақ және бактериялық инфекциялармен залалдануына байланысты.
Республикада элиталық картоп тұқымын өндіруді ұйымдастыру өте қажет. Картоп өнімділігінің төмен болуы мәселесін шешу үшін фитопатогендерге төзімді сорттардың селекциясын жүргізу оңтайлы болып табылады. Бірақ әртүрлі ауруларға төзімді, сонымен қатар шаруашылықта құнды барлық қасиеттерге ие сорттарды жасау үрдісі өте ұзақ және көп еңбекті талап етеді.
Жетістікке жету үшін бастапқы материалды дұрыс таңдау қажет. Бұл мақала Қостанай ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институтының картоп селекция зертханасының жинақтау тәлімбағындағы картоптың негізгі вирустық ауруларының таралуын және жапырақтардағы фитофторозды анықтауға арналған. Визуалды және иммуноферменттік болжау әдісімен картоптың 497 сортты, отандық және шетелдік көшеттер мен гибридтердің картоп вирусын жұқтыру дәрежесі анықталды. Нәтижесінде талдау жүргізілген вирустардан таза сорты анықталды. Картоп сорттары мен гибридтерінің эпфитотия кезіндегі жапырақ фитофторозына тұрақтылығы анықталды. Картоптың вирус пен фитофтородың пайда болуына тұрақты сорттарын құру бойынша әрі қарай іріктеу жұмыстарының негізгі материал бөлінд