-

Авторы

  • -

Ключевые слова:

-

Аннотация

Вирустық инфекцияның зақымдауынан келетін шығын вирустың түріне байланысты 15-95% аралығында өзгереді. Картопты залалдайтын және үлкен егін шығындарын тудыратын, өнім сапасының төмендететін (түріне, өсіру жағдайларына және штамға байланысты 50% немесе одан көп) ең маңызды вирустардың бірі Y-вирусы болып табылады. Біздің елімізде картоптың орташа өнімділігі 16 т/га аспайды, бұл шет елдердің (Нидерланды, АҚШ, Израиль, Германия) 45-50 т/га шығымдылығымен салыстырғанда төмен көрсеткіш. Республикадағы салыстырмалы төмен өнімділік картоптың тұқым өндірісінде өсімдіктердің вирустық аурулармен залалдануын диагностикалауға тиісті көңіл бөлінбеуіне байланысты. Картоптың тұқымдық егістіктерін зерттеуде визуалды әдіс қолданылады, ол вируспен залалданудың жасырын түрлерін анықтауцға мүмкіндік бермейді. Біздің зерттеуіміздің мақсаты еліміздің әртүрлі климаттық аймақтарда картоптың Y-вирусының жалпы таралуын бағалау болды. Бұл жұмыста Қазахстан Республикасының әртүрлі аймақтарындағы кар-топтарда Yвирусының таралуын иммуноферменттік талдау әдісімен зерттеудін үш жылдың нәтижелері көрсетілген. Картоп сорттарының 67 сортының залалдануы зерттеліп, зерттеліп отырған вирустан таза сорттар анықталды. Картоп егістіктерінің YВК вирус инфекциясымен максималды залалдануы Оңтүстік Қазақстанда - 55%, Шығыс Қазақстанда залалдануы – 42%, Солтүстік Қазақстандa – 39%, Орталық Қазақстанда - 28% құрады, минималды залалдануы – Батыс Қазақстандa – 17% байқалды. Картопты өсіретін аймақтарда картоптың Y-вирусының таралуы оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағыттарға қарай таралғаны анықталды.

Загрузки

Опубликован

2021-07-08